F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үлкен Нарын ауданында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды — ШҚО

F16 F16
08.01.2026, 10:00
Жаңалықтар, Қоғам, Үлкен Нарын
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Алтынбел ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Жаңа нысан Алтынбел, Егінді, Майемер және Үштөбе елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған ауылдарда жалпы саны 1600-ге жуық адам тұрады. Жоба жедел қызмет бөлімшелерінен алыста орналасқан ауылдар үшін ерекше маңызды. Мұндай жағдайда төтенше жағдайларға жедел ден қою — адам өмірі мен мүлкін сақтаудың басты факторы.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен, жедел қызмет өкілдерімен және ауылдық округ тұрғындарымен өткен жұмыс кездесуінде бекеттің қызметін ұйымдастыру және жедел әрекет ету бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды. Министр жаңа нысанның ауыл өміріндегі маңызын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауылды қолдау жөніндегі тапсырмасы өңірлерде нақты іске асып жатыр. Министрліктің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. 2025 жылы еліміздің әр өңірінде 150-ден астам ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – шалғай елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты нәтиже, – деді ол.

Шыңғыс Әрінов жаңа бекеттің ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайлардың алдын алуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, осы іске атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді. Рәсім барысында ол өрт сөндіру автокөлігінің және «Нива» қызметтік автокөлігінің кілттерін табыстады. Жаңа техникаларды Алтынбел өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері – жүргізуші Арман Мұкашев пен өрт сөндіруші Бейбіт Қабидолда қабылдап алды.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов ерікті өрт сөндіру бекеттері тілсіз жаумен күресте тиімді шешім болғанын айтты.

Ерікті өрт сөндіру құрамалары желісін дамыту ауылдар үшін тиімді әрі өзін толық ақтайтын шешім. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты өңірде өртке қарсы және құтқару инфрақұрылымын кезең-кезеңімен нығайту жұмыстары жалғасын табады, — деді облыс әкімі.

Шара аясында азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерлеріне министрдің бұйрығымен төсбелгілер табысталды. «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовке тапсырылды. Ал «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ринат Имашевке берілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Аманжол Қизатов, Үлкен Нарын ауданы әкімі аппаратының басшысы Елдос Оразханов және Алтынбел ауылдық округінің әкімі Медет Естәулетов марапатталды.

Ауыл ақсақалы Қабдразақ Түйебаев жаңа нысанның жұмысына береке тілеп, бата берді. Рәсім соңында министр мен қонақтар жаңа бекетті аралап, оның материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Жаңа өрт сөндіру бекеті тәулік бойы қызмет көрсетуге толық бейімделген. Мұнда демалыс бөлмесі, ас қабылдау бөлмесі, жуыну орны және қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз ететін барлық қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Бекеттің негізгі міндеті – төтенше жағдай туындағанда қысқа мерзімде әрекет ету, алғашқы өрт ошағын оқшаулап, негізгі бөлімше келгенше өрттің таралуын тоқтату.

Бұл бекеттің ашылуына басты себеп – Алтынбел ауылынан №26 өрт сөндіру бөліміне дейінгі 34 шақырым қашықтық. Бұрын өрт туралы хабар түскен жағдайда негізгі бөлімшенің жету уақыты ұзаққа созылып, салдарынан қауіпті жағдайлар орын алу қаупі жоғары болатын. Жаңа бекет осы мәселені шешіп, Алтынбел ауылдық округіндегі 422 үйдің қауіпсіздігін едәуір арттырады. Ерікті өрт сөндіру бекетінің ашылуы елді мекендердің қорғалу деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін едәуір күшейтеді.

 

1 - 8
- +

Зарина Асанова,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,

азаматтық қорғау майоры.

Тегтер: TopАуыл құтқарушысыӨрт қауіпсіздігіТЖМҮлкен Нарын ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған