Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай басталды. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың халқымыз үшін маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық құрылтай реформалардың маңызды тетігіне айналды: төрт жыл ішінде ол 26 қатысушының қолдауына ие болған нақты ұсыныстар енгізіп, елдегі өзгерістердің басты қозғаушы күшіне айналды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы азаматтық сананы нығайту, балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ құмар ойындарды реттеу мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың нәтижелі екенін атап өтті.




