F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұшу-қону жолағы төселіп, ғимараттардың іргетасы қалана бастады – Катонқарағай

F16 F16
14.07.2025, 14:31
Жаңалықтар, Катонқарағай
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан – екі бірдей әуе кемелерінің айлағы салынып жатқан еліміздегі жалғыз облыс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы көктемде Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежай құрылысы басталған, деп хабарлайды F16.kz.  

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі жазғандай, бұл нысандар болашақта Қазақстанның аумақтық дамуының жаңа логистикасын қалыптастыратын инфрақұрылымдық хабқа айналады. Екі орын да кездейсоқ таңдалмаған-жобалау кезінде климат, көлік трассаларына қолжетімділік, логистика және аумақтың құрылысқа дайындығы ескерілді. Зайсандағы әуежай бұрынғы әскери аэродром аумағында салынса, Катонқарағайдағы алаң жердің ығайы мен туристік бағыттарға жақындығын ескере отырып таңдалды.

Катонқарағай – жыл сайын 100 мыңға дейін турист қабылдайтын еліміздегі ең көрікті жерлердің бірі. Бірақ жердің шалғайлығы демалушылар санының бұдан да көбірек болуына кері әсер ететіні түсінікті. Айталық, облыс орталығы Өскеменнен Катонқарағайға дейін көлікпен 6-7 сағаттық жол. Ал егер әуе рейсі ашылса бұл аралық 1 сағатқа дейін қысқарады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратынша, жаңа әуежайда қазір топырақ қабатын талапқа сай тегістеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Саздауыт жердің беткі қабаты күреп алынып, тас-топырақ төселді және нығыздалды. Терминалдар, қоймалар мен перрондарды монтаждау жүзеге асырыла бастады.

Қазірдің өзінде 1200 метр сыналар жасалды, 2 шақырымнан астам жердің беткі қабаты күреліп және тас-топырақ төгілді. Жалпы ұзындығы 3450 метр қоршау орнатылды, жұмысқа 117 техника және 200-ден астам маман жұмылдырылған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құрылыс үш ауысымда жүргізіліп жатыр, — деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров.

Жер қазу жұмысының өзі біраз уақытқа созылған. Атап айтқанда, ұзындығы 2260 метр ұшу-қону жолағының табаны қазылып, қажетті материал төселді. Ойнамалы сазды топырақ қабаты алынып, орнына тас-топырақ төселді және арнайы техникамен нығыздалды. Бұл әуе кемелері қонған кезде жолақтың беріктігін қамтамасыз ету үшін қажет. Ұшу-қону жолағының табанына бірнеше қабат тас-топырақ (шамамен 68 мың текше метрден астам тау жынысы) төселді. Сондай-ақ жол төсемесін нығыздау үшін 18 720 текше метр шағыл тас жайылды, кіреберіс жол мен периметрлік аймақты салу, қоршау орнату, ұшу-қону жолағына шығатын жолақтар, перрон, өндірістік және қосалқы ғимараттардың құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр.

Ғимараттардың іргетасын қалау үшін арматурамен құрсаулап, бетон құюды бастап кетті. Іргетас плиталары мен стакан типтес іргетастар дайын. Қазір көму және нығыздау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік және инженерлік нысандарға арналған қазаншұңқырлар қазылды. Біз жұмыс кестесін қатаң сақтаймыз. Құрылыс қарқынды. Қазіргі уақытта үйіндінің екінші қабаты төселіп, үшінші кезең бойынша нығыздау жұмыстары басталды, – деді мердігер ұйымның өкілі Нұржан Ескендiров.

Әуежайға қатарлас электр желілері тартылып, ұзындығы 5 шақырым болатын айналма жол салынып жатыр. Айта кетейік, Өскемен–Алтай–Рахман қайнары бағытындағы республикалық трасса әуежай аумағы арқылы өтетіндіктен бұл учаске толық басқа жерге көшіріледі. Себебі ол терминал мен ұшу-қону жолағын байланыстыруға кедергі келтіреді.

Құрылысшыларға ескі жолды бұзып, жаңа айналма жол салуға тура келеді. Бұл жұмыс көлемін екі есе арттырды, бірақ нысанның қауіпсіздігі мен функционалдығын сақтауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Нұрбек Тұраров.

Қазір Катонқарағайда туристік маусым қызып тұр. Бұғының мүйізін кесу, бал жинау науқаны жүріп жатыр. Туристер ем-дом алып, тұмса табиғат аясында демалып, таза ауамен тыныстап, Алтайдың құнарлы өнімдерінен дәм тату үшін Төр Алтайға лек-тегімен ағылып жатыр. Жердің шалғайлығы, жолдың қиындығы оларға кедергі емес. Дегенмен көпшілік жұрт келер жылы Катонқарағайда әуежай іске қосылса, Рахман қайнарына жету әлдеқайда жылдам әрі оңай болатынына сенімді.

Мамандардың болжамынша, әуежай ашылғаннан кейін Катонқарағайға келетін туристер легі 2–3 есе артады. Сонымен қатар бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, қонақ үйлер, демалыс базалары, сервистік және логистикалық компаниялардың дамуына серпін береді.

Тегтер: F16әуежайКатонқарағайТуризм
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған