2026 жылдан бастап ұялы байланыс қызметтерінің бағасы көтерілуі мүмкін. Тарифтердің өзгеруіне қосылған құн салығының ұлғаюы себеп болған, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазақтелеком» АҚ әкімшілігінің айтуынша, тарифке операторлардың бірқатар шығындары кіреді, оның ішінде электр энергиясына, жабдық сатып алуға кететін шығындар да бар. Барлық телекоммуникациялық жабдық шетелдікі, яғни Қазақстаннан тыс жерде өндіріледі.
Жаңа жылдан бастап ҚҚС көтеріліп, салаға шамамен 35–40 миллиард теңге көлемінде әсер етеді. Сондықтан келесі жылы тарифтерді қайта қарауға мәжбүрміз. Біз шамамен 15-20% көлемінде көтереміз деп болжап отырмыз, — дейді Beeline компаниясының бас директоры Евгений Настрадин.
Сондай-ақ Kcell мен Мобайл Телеком-Сервис операторлары да жаңа жылдан бастап тарифтерін 15–20% аралығында көтеруді жоспарлап отыр.




