Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында гала-концерт өтеді. Жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарын ән-жырға бөлеп, күймен көмкерген өнерпаздар арасынан бұл жолы кіл үздіктер қорытынды кештің көрігін қыздырады, деп хабарлайды F16.kz.
Гала-концерт 19 желтоқсан сағат 17.00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында болады. Онда аудан және қала өнерпаздарының ең үздік нөмірлері ұсынылады
Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Туған жер — алтын бесігім» жобасының қорытындысы бойынша он бір аудан әртүрлі номинацияларды иеленген болатын. Бас жүлдені Риддер қаласы жеңіп алған.




