Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан сынға түскен Павел Колмаков финалға жолдама алды, деп хабарлайды F16.kz
Бүгін могулшылар дүбірлі бәсекенің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл сайыста әлем чемпионатының қола жүлдегері, шығысқазақстандық Павел Колмаков 76.24 ұпаймен 9-орынға тұрақтады. Сөйтіп 29 спортшы қатысқан іріктеу сайысында жерлесіміз ТОП-10 спортшының қатарына кірді.
Финал 12 ақпанға жоспарланған.
Айта кетейік, бүгін, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18.15-те басталады.




