F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Зайсан мен Марқакөлде казино ашылуы мүмкін: шекарадағы жаңа жоба елге не береді?

F16 F16
16.03.2026, 14:23
Жаңалықтар, Зайсан, Қоғам, Марқакөл, Шекаралық аудан
Фото: F16.kz/коллаж

Фото: F16.kz/коллаж

Шығыс Қазақстанда шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл және Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін. Бұл мәселе қазір орталық мемлекеттік органдар деңгейінде талқыланып, ықтимал локациялар қарастырылып жатыр. F16.kz редакциясы «жаңадан ашылатын құмар ойын орталықтары қалай жұмыс істейді, оның өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қандай болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрді.   

Қазір орталық мемлекеттік органдар деңгейінде ойын бизнесін дамыту үшін қосымша аумақтарды айқындау мәселесі пысықталып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында лайықты локациялар ретінде Марқакөл және Зайсан аудандарына акцент беріліп отыр. Бұл аудандарды Қазақстан заңнамасына сәйкес ойын қызметін жүзеге асыру аймақтары ретінде бекіту мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауында.

Фото: F16.kz

Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәселені алдын ала пысықтау үшін екі ауданда қоғамдық пікір зерделенгенін атап өтті.

Былтыр 21 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында шетел азаматтарына арналған ойын аймақтарын құруға тұрғындар көзқарасын анықтау мақсатында халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, оған қатысқан респонденттердің басым бөлігі заңнама талаптары сақталған және халықтың әлеуметтік-экономикалық мүдделері ескерілген жағдайда шетелдіктерге арналған ойын аймақтарын ашуға қарсы емес екенін білдірді, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қарастырылып отырған жобалар ойын инфрақұрылымын ғана емес, сонымен қатар қонақ үй секторы мен сервистік инфрақұрылымды қоса алғанда, ілеспе туристік нысандарды дамытуды да көздейді. Бастапқы кезеңде әлеуетті аймақтардың әрқайсында шамамен 25–30 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланған. Жобаны іске асыру жеке инвестордың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Алдын ала есептеулерге сүйенсек, егер бір казино тұрақты жұмыс істейтін болса, бюджетке жылына шамамен 1,7 млрд теңге салық түсуі мүмкін. Бірақ оған қол жеткізу үшін шамамен 8-10 мың адам деңгейінде шетелдік туристер ағыны болуы керек, – деп түсіндірді Ержан Сембинов.

Шекаралық аудандарда ойын бизнесін құру қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек. Туризм басқармасының мәліметінше, бастапқы кезеңде шамамен 140 тұрақты жұмыс орнын құру қарастырылып отыр. Одан кейін инфрақұрылымның дамуына қарай бұл көрсеткішті 500-ге дейін жеткізу көзделген.

Туристік ойын-сауық инфрақұрылымын дамыту шағын және орта бизнеске де пайдалы. Яғнин, туристер көбейгенде қоғамдық тамақтану, көлік қызметі және басқа да сервистерге сұраныс артып, кәсіпкерлік белсенділік күшейеді. Бәсекелестік болады, бұл сапаның артуына ықпал етеді.

Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы Еркебұлан Зағыпаров қос ауданда қолға алынатын ойын бизнесі жобасы шекаралық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін айтады. Дегенмен депутат «таяқтың екі ұшы» болатын сияқты, бұл мәселенің де екінші жағы бар екенін естен шығармауды ескертті.

Шекаралық аудандарда ойын бизнесі аймақтарын ашу шетелден туристер көбірек тартуға септігін тигізеді. Бұл әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да тиімді. Егер жоба іске асса, жаңа қонақүйлер, қызмет көрсету орындары ашылып, жергілікті халыққа жұмыс орындары пайда болады, мемлекетке қосымша салық түседі. Тағы бір маңызды жайт – ойын орталықтарының тек шетелдіктерге қызмет көрсетуі. Бұл ретте заң талаптарының сақталуын қатаң қадағалау қажет. Қазақстан азаматының, әсіресе жастардың құмар ойынға араласуына жол берілмеуге тиіс. Өйткені оның әлеуметтік, рухани әсері болуы мүмкін. Сондықтан осы жағын да қаперден шығармасақ, – деді аудандық мәслихат төрағасы.

Туризм басқармасының хабарлауынша, бұл жоба тек шетелдік келушілерге арналған және туризмді дамыту құралының бірі ретінде қарастырылған. Казино қызметін лицензиялау, олардың жұмысын бақылау және заң талаптарының сақталуы, қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарды кіргізбеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау сияқты мәселелер уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретінде болады және еліміздің қолданыстағы заңнамалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстанның шекаралық аудандары – Марқакөл мен Зайсанда шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтарын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жоба экономикалық тұрғыдан тиімді болғанымен, оның әлеуметтік және рухани әсерін де ескеру қажет дейді мамандар. Сондықтан жобаны іске асыру кезінде заң талаптарының сақталуы мен қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалау маңызды. Жалпы алғанда, бұл бастама шекаралық аудандардағы туризмді дамыту мен экономиканы жандандырудың тиімді құралы болмақ.

Тегтер: F16ӘлеуметЗайсан ауданыказиноМарқакөл ауданыойын бизнесіШекаралық аймақ
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00
ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған