F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Зайсандық отбасы Астанаға дейін жол бойын тазалап барды

F16 F16
26.03.2026, 09:44
Жаңалықтар, Қоғам, Экология
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Наурызнама онкүндігінің «Тазару күніне» орай Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан-қаласында экологиялық акция өтті. Тұрғындар табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысты, деп хабарлайды F16.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңін бастап берген «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Шығыс Қазақстан облысында кең ауқымда өтті. Игі бастама аясында облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, жастар мен еріктілер қоршаған ортаны тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында нақты шаралар қолға алынды.

Тарбағатай ауданында Ақжар ауылының орталық саябақ аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Бұдан бөлек арықтар мен су арналары тазартылып, аудан орталығынан 2,5 мың текше метр қар шығарылды.

Зайсан ауданында «Eco life – таза ой, таза орта» акциясы шеңберінде қала мен ауылдық округтерде ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Көшелер қоқыстан тазартылып, су арналары аршылды. Сарытерек ауылдық округі аппараты мен әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де белсенділік танытып, аулаларды тазартуға атсалысты.

Бұл ауданда ерекше үлгі көрсеткендердің қатарында ерлі-зайыпты Толқын Мұратбай мен Сетерхан Қабдешқызы бар. Олар 11 күнде Зайсаннан Астанаға дейінгі жол бойын тазалап, шамамен 10 тонна қоқыс жинаған. Бұл бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін беріп, көпшілікке өнеге болды.

Ал Алтай ауданында мерекелік іс-шаралардан кейін сенбілік ұйымдастырылып, су тасқынының алдын алу жұмысы күшейтілді. Қ.Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальонының әскери қызметшілері каналдар мен су өткізу жүйелерін тазартты. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жол бойындағы және Соловьево ауылындағы Набережная көшесінің арығы тазартылды. Сондай-ақ Маяк ауылындағы су өткізу құбырлар ретке келтірілді. Бородино ауылында да сенбілік өтіп, тұрғындар тазалық жұмысына қатысты.

Шемонаиха ауданында «Үш қайың» алаңында тазалау және көгалдандыру жұмысы жүргізіліп, демалыс аймағы толық жаңартылды. Тұрмыстық қалдықтар шығарылып, тұрғындардың сүйікті орындарының бірі ретке келтірілді.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады.

Тегтер: F16акцияқоршаған ортаны қорғауТаза ҚазақстанЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған