Шығыс Қазақстан облысында аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Профилактикалық шараның негізгі мақсаты — қаруды заңсыз сақтау деректерін анықтап, оның жолын кесу және оны қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу.
Іс-шара басталғалы бері тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 7 бірлік атыс қаруын тәркілеген.
Тексеріс барысында 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, 5 дерек қаруды заңсыз сақтауға қатысты болса, 13 тұрғын сақтау шарттарын бұзған, ал тағы 7 азамат қаруды тіркеу қағидаларын сақтамаған, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 шілдеге дейін жалғасады.




