Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шара барысында шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтауын, оның ішінде ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын тексереді, деп хабарлайды F16.kz.
Тексерулердің бірінде көршілес мемлекеттің жеті азаматы уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істегені және Қазақстан Республикасында уақытша болуға құқық беретін құжаттары болмағаны анықталды.
Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Оларға Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.
Шетел азаматтарының еңбегін пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің белгіленген талаптарды сақтауы маңызды, — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Көші-қон қызметі шетел азаматтары Қазақстанда қажетті рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жұмыс істей алатыныр тағы ескертеді.




