F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жағажайларды абаттандыру, қауіпсіздік: ШҚО-да жазғы туристік маусымға дайындық қалай?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
21.05.2026, 16:09
Жаңалықтар, Туризм
Сібе көліндегі жағажайдың аумағы кеңейеді

Фото: F16.kz

Жақын күндері жадырап жаз шығып, Шығыс Қазақстанда жазғы туристік маусым басталады. Алыс-жақыннан аймағымызға ағылатын туристер саны да жылдын жылға артып келеді. Қазір өңірде жағажайлар абаттандырылып, туристік және шомылу маусымына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Бүгін өткен әкімдік отырысында аймақ басшысы шомылу маусымына дайындық пен демалушылардың қауіпсіздігін басты назарға алды.

Былтыр облысқа 446 мыңнан астам турист келген.  Бұл көрсеткіш  алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға көп. Өңірде туристерге арналған 412 орналастыру орны, демалыс базасы мен қонақ үй жұмыс істеп тұр. Туристік саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 21,6 млрд теңгені құраса, көрсетілген қызмет көлемі 9,8 миллиард теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 36 санитарлық-гигиеналық торап бар, олардың 17-сі субсидияланады. Сонымен қатар сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша қосымша 9 торап орнату мәселесі басқарма тарапынан пысықталып жатыр, — деді облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.

Басқарма басшысы шомылу маусымы қарсаңында жағажайларды ретке келтіру жұмыстары да қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Өскемендік тұрғындары мен шаһар қонақтары қаладағы «Самал», «Котлован» және «Көгілдір көлдер» жағажайларында демала алады. Қазір әр демалыс орнында абаттандыру жұмыстыранын бөлек, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқару бекеттерін орнату, автотұрақтар салу жұмыстары қолға алынған.

«Самал» саябағындағы жағажай халықтың сүйікті демалыс орнадырынң бірінеайналып келеді. Биыл оны абаттандыру үшін 500 миллион теңге бөлінді. Аумақты толық тазартып, бейнебақылау камерасын және құтқару бекетін орнатуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ санитарлық тораптар мен душ кабиналарын жөнделіп, жағажай аумағындағы су ағысының жылдамдығын төмендету үшін гидротехникалық жұмыстар жүргізіледі, — деді Ержан Сембинов.

Ал «Котлован» жағажайында былтыр 140 орындық автотұрақ салынып, жарық тартылған. Жағажай аумағына құ төселіп, абаттандырылған. Биыл қосымша жаңғыртуға тағы 70 миллион теңге қарастырылып отыр. Ол қаржыға самалжай мен жағажай орындықтары мен санитарлық тораптар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді.

Өңір тұрғындары жиі ат басын бұратын «Көгілдір көлдер»жағажайы судағы қауіпсіздік талаптарына сай болғанымен, санитарлық себептерге байланысты былтырдан бері жұмысын тоқтатқан. Биыл демалыс орнының жұмыс істеп-істемейтіні су сапасына жасалатын сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлан ауданына қарасты Шалқар көлінде де жағажайды жаңғырту, аумақты кешенді абаттандыру және инфрақұрылымды кеңейту жоспарланғанын жазғанбыз.

Жергілікті халықтан бөлек, мұнда соңғы жылдары алыс-жақын өңірлерден арнайы келетін туристер саны артқан. Сондықтан биыл кеңейтіліп, кіреберіс жолдарға асфальт төселді, санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылып, аумақ абаттандырылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Ол мақсатта 132 миллион теңге бөлінген. Жоба аясында жағажай аумағы кеңейтіліп, медициналық пункт, тамақтау аймақтары салынып,  жағажай орындықтары, самалжай орнатылмақ. Ауқымды құрылыс жұмыстарына байланысты жағажай уақытша келушілерді қабылдамайды.

Тамылжыған табиғатымен көпшілікті таңдай қақтыратын Жаңа Бұқтырма кентінде де алдағы маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Қоқыс жәшіктері, ақпараттық стендтер мен құтқару мұнарасы орнатылған. Қазіргі күні кент ішіндегі жылу желілерін қайта жаңарту және туристерге арналған инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін жағалауда жаңа Арбат салу жоспарланғанын бірнеше рет жазғанбыз. Алайда, бұл жұмыстарға әзірге қаржы қарастырылмаған.

Жиында баяндама жасаған ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов облыс бойынша жаппай демалуға және шомылуға арналған 23 аумақ барын айтты. Оның ішінде 9 коммуналдық, 8 жеке, 1 муниципалды жағажай бар.

Департаментке су айдындарының түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 11 өтінім келіп түсті. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін жүргізіледі. Облыс акваторияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Сондай-ақ шомылу маусымы кезінде Самар ауданының Сарыбел ауылдық округінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді арнайы техника мен жүзу құралдарына орналастыру арқылы жылжымалы құтқару бекетін іске қосу жоспарланған, — деді ол.

Жиын соңында аймақ басшысы туристік инфрақұрылымды жетілдіру, қауіпсіздікті күшейту және сервисті дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Тегтер: Topәкімдік отырысыБұқтырмаӨскеменТуризмҰланШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25
ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47
ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

19.10.2026, 15:06
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026, 14:50

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік алты жасар оқушы халықаралық олимпиаданың финалына шықты

19.10.2026, 16:25

ШҚО әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2026, 15:47

ШҚО ТЖД маманы Президент қолынан марапат алды

19.10.2026, 15:06

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026, 14:50

Есірткіге масаң күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды – ШҚО

19.10.2026, 12:55

Катонқарағайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

19.10.2026, 12:49

Шығысқазақстандық семсерлесушілер әлемдік додада топ жарды

19.10.2026, 10:07

«Алтай» мен «Атырау» тең түсті: Өскемендік клуб Премьер-лигада қала ма?

19.10.2026, 09:59

Өскеменде айтыстың ақтаңгері Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті

19.10.2026, 09:29

ШҚО-да жыл басынан бері 490 жәрмеңке өткізілді

19.10.2026, 09:28

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған