F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа аллея, жаңғырған «Самал»: Шығыстың бас шаһарында ауқымды жобалар іске асырылады

F16 F16
13.04.2026, 10:50
Жаңалықтар, Өскемен
Фото. F16.kz

Фото. F16.kz

Биыл Өскеменде қаланың көркіне көрік қосып, сәулетін еселей түсетін бірқатар жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде тұрғындарға жайлы демалыс аймағы құрылып, абаттанған қоғамдық орындар саны көбеймек. Бұл туралы Шығыстың бас аласында өткен кезекті тазалық акциясы аясында мәлім болды, деп хабарлайды F16.kz.       

ӨСКЕМЕННІҢ «ӨМІР ЖОЛЫ»

Шығыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы тек бір реттік сенбілікпен шектелмей, нақты инфрақұрылымдық жобаларға жалғасып жатыр. Соның айқын дәлелі – Өскеменде салынатын «Өмір жолы» аллеясы. Бірегей жоба қаланың сәулетін арттырумен қатар, тұрғындарға жайлы демалыс аймағын жасауға мүмкіндік туғызады.

Фото: F16.kz

«Өмір жолы» деп аталатын жаяу адамдарға арналған аллея жобасы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанова қалада өткен кезекті сенбілік барысында таныстырылды. Тазалық акциясына қарапайым тұрғындар, еріктілер, жастар және түрлі ұйым өкілдері белсенді қатысты. Аймақ басшысы Өскеменнің Жеңіс мемориалдық кешенінде ұйымдастырылған сенбілікке арнайы барып, халықпен тілдесті. Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған игі бастама өңір тұрғындары тарапынан кең қолдау тауып жатыр. Тіпті, Шығыста бұл үрдіс кейінгі кезде  сенбілікпен шектелмей, күнделікті өмір салтына айнала бастады деуге болады. Әсіресе, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мәселесіне ерекше назар аударылған. Бұл – ұзақмерзімді нәтижеге бағытталған маңызды қадам.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов аймақ басшысына болашақта салынатын жаяу адамдар аллеясының жобасын таныстырды.

Жаңа аллея Стрелка шағын ауданындағы Жеңіс мемориалынан басталып шіркеуге дейін жалғасады. Онда жаяу адамдардың серуендеуіне барлық жағдай жасалады. Осы аптада мердігерді анықтап, ары қарай жұмысты бастаймыз, – деді шаһар басшысы.

«Өмір жолы» деп аталатын аллея Жеңіс мемориалынан Лихарев көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Бүгінде бұл жердің инфрақұрылымы ескірген: кейбір тұсында жарық жоқ, тротуарлар тозып, ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған. Жаңа жоба осы мәселелерді кешенді түрде шешпек. Аллея бойына заманауи жарық шамдары орнатылып, демалыс орындықтары қойылады. Сонымен қатар спорт және балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңы салынып, бұл кеңістік тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін толыққанды қоғамдық орынға айналмақ.

Фото: F16.kz

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалар қаланың тек сыртқы келбетін жақсартып қоймай, әлеуметтік белсенділікті арттыруға да ықпал етеді. Қоғамдық орындардың көбеюі — қаладағы маңызды түйткідің бірі. Әсіресе, тұрғындарға қолжетімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – ірі қалалардағы ең өзекті мәселе.

Облыс әкімі жобаны іске асырғанда аллеяға іргелес аумақтарды да кешенді түрде абаттандыру қажеттігін атап өтті.

 «САМАЛДЫҢ» ЖАҢА ТЫНЫСЫ

Өскемендегі қала тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі – «Самал» саябағы. Бұрын қалың бұта-қараған өсіп, қоқыс басып, шашылып жататын аумақ кейінгі бірнеше жыл жұртшылықтың көз қуанышына айналып келеді.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл демалыс орны 2019 жылы ашылып, ел игілігіне берілген. Мұнда Street Workout алаңы, роллердром, скейтбордшыларға арналған аумақ, футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы, велосипедпен серуендеу аймағы, сондай-ақ үлкен жағажай салынып, абаттандырылған.

Одан бөлек атшаптырым аумақты алып жатқан алма бағы да бар. Кезінде осы баққа 1000 түп алма көшеті отырғызылды. Өскеменде алғаш рет ашылған бақта алманың бірнеше сорты егілген. Жобаны жеке кәсіпкер Сергей Бродский қолға алып, қала әкімдігі қолдау көрсеткен.

Одан бері аттай зулап 7 жыл өте шығыпты. Салтанаты асқан «Самалдың» да ажары тайып, базары тарқай бастағандай бүгін. Күннің көзінде, жаңбырдың астында ашық тұрған алаңдар уақыт өткен сайын тозып, кетеуі кете бастаған. Тротуарлар мүжіліп, жүгіру жолы ескірген. Саябаққа келетін адамдардың көптігі де инфрақұрылымның азып-тозуына әсер етпей қоймайтыны түсінікті. Сол себепті биыл қала билігі жұртышылықтың сүйікті демалыс орнын жаңғыртуға шешім қабылдады. Алдағы жазда ауқымды жаңарту жұмысы жүргізіледі. Қолға алынған жаңарту жобасы тек сыртқы көріністі жақсартумен шектелмейді. Негізгі мақсат — саябақтың функционалдық әлеуетін арттырып, оны жыл бойы пайдалануға қолайлы заманауи қоғамдық орынға айналдыру. Осыған байланысты жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ең алдымен өзен жағалауына басымдық беріледі. Шомылу маусымы басталғанға дейін жағажай бөлігі толық ретке келтіріліп, қауіпсіз әрі қолайлы демалыс аймағы жасалады. Бұл шешім жазда жағажайға келетін адамдар легі күрт көбейетінін ескере отырып қабылданған.

Бұдан кейін балаларға арналған ойын алаңдарын жаңарту, қолданыстағы футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар қала тұрғындарының сұранысына орай воркаут-алаңдар салынады. Бұл спорт инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саябақтың жыл он екі ай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қысқы демалыс инфрақұрылымы да қарастырылған. Атап айтқанда, хоккей мұз айдыны салынып, сырғанақ және басқа да нысандар бой көтереді.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жобаның тағы бір маңызды бағыты — бірыңғай сәулеттік стиль қалыптастыру. Саябақ аумағындағы сауда орындары біркелкі дизайнға келтіріліп, ретсіз орналасқан нысандар жүйеленеді. Бұл демалыс аймағының көрнекі келбетін жақсартып қана қоймай, қалалық ортаның мәдени стандартын да көтереді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның сапалы орындалуын жеке бақылауда ұстайтынын айтты. Аймақ басшысы Ертіс өзені жағалауын нығайтуға назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл көктемгі су тасқыны мен жағалау эрозиясының алдын алуға бағытталған.

Екінші маңызды мәселе — жасыл желекті сақтау. Құрылыс жұмысы барысында саябақтағы ағаштар мен бұталардың оталуына жол бермеу қатаң талап етілген. Бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауда шешуші рөл атқарады.

Жобаны іске асыруға бұған дейін қаладағы бірқатар инфрақұрылым жобаны, оның ішінде Қазақстан көшесіндегі аллеяны жаңғыртқан тәжірибелі мердігер тартылған. Олардың бұған дейінгі жұмысын жергілікті тұрғындар оң бағалап отыр.

Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарына әлеуметтік бағыттағы элемент те енгізіледі. Атап айтқанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар ақылы негізде еңбекке тартылмақ. Мамандар мұндай тәжірибе олардың қоғамға бейімделуіне және еңбек дағдысын қалыптастыруына ықпал етеді деп санайды.

Жоспарға сәйкес, «Самал» саябағын толық жаңарту шілде айының соңына дейін аяқталуға тиіс. Нәтижесінде, жаздың екінші жартысында Өскемен тұрғындары мен қонақтары жаңартылған, заманауи талаптарға сай демалыс орнын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Фото: F16.kz

Айта кету керек, «Самал» саябағы — қаладағы су айдыны мен жасыл желек тоғысқан маңызды рекреациялық аймақтардың бірі. Оның жаңғыртылуы Өскеменнің 2026 жылға дейінгі қалалық инфрақұрылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр.

Сөйтіп, Өскеменде экологиялық бастамалар нақты инфрақұрылымдық жобалармен ұштасып, қаланың қоғамдық кеңістігін жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Соның ішінде «Өмір жолы» атты жаңа жаяу жүргіншілер аллеясының салынуы мен «Самал» саябағын кешенді қайта жаңарту — өңірдегі урбанистикалық өзгерістердің негізгі бағыттарына айналып отыр. Жобалар аясында заманауи демалыс аймақтары, спорт және балалар алаңдары, қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар экологиялық талаптарды сақтау, жасыл желекті қорғау және өзен жағалауын нығайтуға ерекше мән берілуде. Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар тек қаланың келбетін жаңартумен шектелмей, тұрғындардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік белсенділікті күшейтетін ұзақмерзімді нәтижеге бағытталған.

Тегтер: F16абаттандыружобаӨмір жолыӨскеменСамалТаза ҚазақстанТазалық
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған