Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды.
Құжатты әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің пікірлері мен ескертулері ескерілген.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Конституцияның преамбуласы толық жаңартылған. Онда елдің тарихи жолын айқындайтын, бүгінгі дамуы мен болашағына бағдар беретін жалпыұлттық құндылықтар қамтылған.
Сондай-ақ жаңа жобада адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым мен инновация мемлекет қызметінің стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалған.
Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды, – деді Бақыт Нұрмұханов.




