F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа техникамен егістік алқаптарының көлемі артып, өндіріс күшейіп келеді – ШҚО

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
10.08.2026, 12:57
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар
Жаңа техникамен егістік алқаптарының көлемі артып, өндіріс күшейіп келеді – ШҚО

Фото: F16.kz

Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі өндіріс орындарынан көрініс табуда. Жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін тиімді пайдаланған шаруашылықтар техника паркін жаңартып, егіс көлемін ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды F16.kz.

Ауыл шаруашылығының дамуы бүгінде тек жер көлемі мен өнім көлеміне байланысты емес. Заманауи технология, мемлекеттік қолдау, қолжетімді қаржы және білікті маман – бір-бірімен тығыз байланысты факторлар. Осы төрт бағыттың үйлесуі шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ауылдағы өндірістің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін экономиканың стратегиялық салаларының бірі ретінде атап, ауыл шаруашылығы өндірісін, фермерлерді және қайта өңдеу саласын қолдаудың маңызын үнемі айтып келеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсетіп, техника паркін жаңартуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың орны ерекше.

Осы ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүзеге асырып отырған қаржыландыру құралдары өңірдегі шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етіп отыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің заманауи техникаға сұранысы жоғары. Мұны биылғы қаржыландыру көрсеткіштерінен де аңғаруға болады. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында «ҚазАгроҚаржы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жалпы сомасы 15,6 млрд теңгеге 507 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырған. Оның ішінде жеңілдікті бағдарламалар аясында 12,5 млрд теңгеге 382 бірлік отандық өндірістегі техника алынған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға жоғары. Қазіргі уақытта фермерлерге қолайлы болуы үшін бізге өтінім беру тәртібі өзгеріп, қызмет түрі цифрлық форматқа ауысып жатыр. Мәселен, екі жыл бұл өтінім 14 күн ішінде қаралып, қожалық иелері филиалға келіп құжат тапсыратын. Қазір едәуір жеңілдеттік. Енді онлайн түрде өтінім жолдай алады, ол небәрі 5–7 минут ішінде қаралады, — дейді «КазАгроКаржы» АҚ ШҚОФ директоры Мақсат Байгелді.

Бұл сандардың артында жай ғана техника сатып алу емес, жүздеген шаруашылықтың өндірістік қуатын жаңарту, егіс жұмыстарын уақытында жүргізу және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған нақты жобалар тұр.

Жеңілдетілген лизингтің негізгі артықшылығы – фермердің қымбат техниканың толық құнын бірден төлемей, өндірісте пайдалана отырып, қаржылық міндеттемелерін кезең-кезеңімен орындауына мүмкіндік береді.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, техника паркін жаңартып жатқан кәсіпорындардың бірі – «Быструха-Астана» ЖШС. Кәсіпорын өз жұмысын 2012 жылы небәрі 1 мың гектар жерден бастаған. Бүгінде шаруашылықтың егістік алқабы 10 мың гектарға дейін ұлғайған. Он есеге өскен өндіріс көлемі, әрине, техника паркінің де тұрақты түрде жаңартылып отыруын талап етеді.

Шаруашылық отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген ВБИ бағдарламасы аясында шамамен 1,2 млрд теңге қаржы алған. Мұндағы несие мөлшерлемесі – небәрі 5 пайыз.

Біз 2012 жылдан бастап «ҚазАгроҚарыжымен» жұмыс істеп, технкаларды жаңарта бастадық. 2016 жылы инвестициялық субсидиялау бағдарламасы іске қосылды. Сол арқылы техника паркі кезең-кезеңімен жаңартып келеді. Биыл тағы екі комбайн сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оның біреуі біз қолданатын ескі комбайнның онын алмастыра алады. Яғни, мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ автопилот,автоматтандырылған басқарумен жабдықталады, — «Быструха-Астана» ЖШС басшысының орынбасары Серікбек Садықов.

Ал, 2018 жылы құрылған Глубокое ауданындағы Секисовка ауылында орналасқан «SBA Agro Group» ЖШС қазіргі таңда 4 300 гектар егістік жерді игеріп отыр. Егістік көлемінің ұлғаюы техникаға түсетін жүктемені де арттырған. Сондықтан кәсіпорын үшін өндірістік қуатты сақтап қана қоймай, оны көбейтетін техника сатып алу қажеттілігі туындаған.

Шетелдік өндірістегі бес бес бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 900 млн теңге көлемінде қаржыландыру алдық. Егіс көлемі артқан сайын бұрыңғы техникмен жұмыс істеу де қиындай түседі. Бұрын күнбағыс егетін алқаптарды дайындау кезінде бір ауысымда 80 гектар жер өңтелетін, ал қазір осы трактордың көмегімен 170 гектарға дейін жерді дайындауға мүмкіндік бар. Яғни заманауи техниканың нәтижесі бар.  Сонымен қатар ол топыраққа түсетін қысымды азайтып,  сапасына да әсерін береді, — деп атап өтті шаруашылық басшысы Даниил Байбулатов.

Ауыл шаруашылығы техникасының қымбаттауы шаруалардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі екені белгілі. Әсіресе егістік көлемі үлкен кәсіпорындар үшін бірнеше трактор немесе комбайн сатып алу ондаған, тіпті жүздеген миллион теңге инвестицияны талап етеді.

Сондықтан жеңілдетілген қаржыландыру өндірісті жаңғыртудың маңызды құралына айналып отыр.

Тегтер: «ҚазАгроҚаржы»ауыл шаруашылығы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған