Қазгидромет 13–15 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады.
Елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады. Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады, — дейді синоптиктер.
Өңірде ауа температурасы түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С-қа дейін төмендейді.




