Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлем етті, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі, — делінген хабарламада.
Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді.
Түнде солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Сондай-ақ орталығында жоғары өрт қаупі әлі де сақталады.




