Глубокое ауданына қарасты Уварово ауылында жер үйде өрт шығып, екі зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды F16.kz.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт сөндірушілер оқиға орныны келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өздігінен шығып үлгерген. Алайда ол түтінге уланып қалған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ер адамға реанимациялық көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері үй ішінен 1953 жылы туған үй иесі жұбайының мәйітін тапты, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
80 шаршы метр аумақта жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді.




