F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жоба бар, жер жоқ: Ұлан ауданында инвестордың бастамасы тығырыққа тірелді

F16 F16
09.04.2026, 10:51
Бизнес, Жаңалықтар, Заң, Туризм, Ұлан
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Ұлан ауданында ірі туристік жобаның жүзеге асуы әзірге жер мәселесіне тіреліп тұр. Шығыс Қазақстан облысындағы бұл бастама ішкі туризмді дамытуға серпін беруі мүмкін болғанымен, негізгі инфрақұрылымды бастау үшін қажетті жер телімі әлі берілмеген, деп хабарлайды F16.kz.

Жеке инвестор ұсынған жоба тұжырымдамасы толық әзірленіп, жыл бойы жұмыс істейтін заманауи туристік аймақ құруды көздейді. Алайда бастаманың жүзеге асырылуы қазіргі таңда тоқтап қалған. Мәселе облысық Кәсіпкерлер палатасында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте қаралды. Жобаға сәйкес, кешен құрамында қонақүйлер мен коттедждер, отбасылық демалыс аймақтары, қоғамдық тамақтану орындары, сервистік орындар, шолу алаңдары мен серуендеу бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылымы дамыған, абаттандырылған аумақ салу жоспарланған. Экологиялық талаптарға және табиғи ландшафтпен үйлесімге ерекше назар аударылған. Басты бағыттардың бірі – иппотерапияны дамыту, яғни ерекше балаларды оңалтуға жағдай жасау.

Инвестор Мәди Мәдиевтің айтуынша, жобаның тек коммерциялық емес, әлеуметтік маңызы да бар.

Бұл – жаңа жұмыс орындарын ашуға, туристер ағынын арттыруға бағытталған бастама. Бірақ жер телімінсіз құрылыс бастау да, инфрақұрылым тарту да мүмкін емес, – деді кәсіпкер.

Ұлан ауданы жер қатынастары бөлімінің өкілі Серік Оразханов мәселені заң тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, сұралған жер телімі елді мекен аумағына жатады, ал мұндай жағдайда міндетті түрде бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қажет. Қазір ол құжат жоқ. Биыл үш елді мекенде осындай жоспар әзірлеу көзделгенімен, тиісті жоба бекітілмейінше жер телімін беру мүмкін емес. Ал егер жердің санаты өзгеше болғанда, оны конкурс немесе аукцион арқылы беру тетіктерін қарастыруға болар еді. Алайда қолданыстағы жағдайда мұндай мүмкіндік жоқ.

Кәсіпкерлер палатасы директорының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллин бүгінде нақты инвестициялық жоба дайын тұрғанын, алайда жерге қол жеткізе алмау себепті жұмыс тежеліп тұрғанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай бастамалар қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысы қажет.

Туризмді дамыту жөніндегі кеңес төрағасы Сымбат Рамазанов та жобаның аудан үшін маңызына тоқталды. Ол бұл бастама Ұлан ауданында туризмге тың серпін беріп, жұмыспен қамту мен ілеспе салалардың дамуына ықпал етуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар рәсімдік процестерді жеделдету қажеттігін жеткізді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша аудандық мәслихат пен әкімдікке егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Қатысушылар жобаның туристік және әлеуметтік әлеуетін ескере отырып, бұл ұдерісті жеделдету стратегиялық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

Қазір инвестор нақты шешім күтіп отыр. Ұлан ауданында жаңа туристік нысанның іске қосылуы және оның өңір экономикасына тигізер пайдасы жер мәселесінің шешілуімен байланысты болмақ.

Тегтер: F16БизнесинвестжобаКәсіпкерлікТуризмҰлан ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған