Бүгін Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының маңында жол апатынан екі адам ажал құшты, деп хабарлайды F16.kz.
Mazda және JAC автокөліктері соқтығысып, салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. JAC тізгіндеген жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол жүру ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты шектен тыс асырмауға және жол, ауа райы жағдайын ұдайы қаперде ұстау қажеттігін ескертеді.




