Қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғасы 16 тамыз күні Өскемен-Алтай тасжолында болды, деп хабарлайды F16.kz.
Тұрғысын ауылының маңында Toyota Camry көлігі мен Iveco жүк көлігі соқтығысқан.
Жол апаты Өскемен-Алтай тасжолының 140 шақырымында болған. Салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




