Шығыс Қазақстан облысының жер аумағы 9785,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі — 3473,5 мың гектар.
Бұл туралы ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис айтып берді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекше жағдайлардан басқа, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері екі тәсілмен беріледі: конкурстық негізде және сауда-саттықсыз.
Сауда-саттықсыз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін немесе бау-бақша және шөп шабу сияқты халықтың қажеттіліктері үшін жер бөлінуі мүмкін. Көгалдандыруға арналған жерлер бір жылға дейінгі мерзімде өтеусіз негізде беріледі.
Осы жылдың маңызды жаңалықтарының бірі — жергілікті тұрғындарға мал жаюға рұқсат етілген, жер иелену құқығын қажет етпейтін қоғамдық жайылымдардың пайда болуы.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі