Бүгін сағат 9.30 шамасында Өскемен-Риддер тасжолының 33 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды F16.kz.
Suzuki және ВАЗ автокөліктері соқтығысып, салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.




