Шығыс Қазақстан облысында 86 экологиялық заңбұзушылық анықталып, 1 миллиард теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы ШҚО бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсет Сүлейменов айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Ведмоство шағын бизнес субъектілерінен бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін тексеру жүргізген.
Барлығы 33 тексеру жүргізіліп, 86 заңбұзушылық анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,73 млрд теңгені құрады, – деді Әсет Сүлейменов.
Атап айтқанда:
• «СиньСин» ЖШС – 1,066 млрд теңге;
• «Казцинк» ЖШС – 1,7 млрд теңгедер астам және қосымша 60,9 млн теңге айыппұл (толығымен төленген);
• «ТМК» АҚ – 24 млн теңге;
• «Өскемен ЖЭО» ЖШС – шамамен 26,9 млн теңге.
Сондай-ақ Өскеменде жарты жыл ішінде 63 рет қолайсыз метеорологиялық тіркелген. Бақылауды күшейту үшін қазан айына дейін өңірге жылжымалы экологиялық зертхана жеткізілмек. Бұдан бөлек, әкімдік 15 бақылау бекетін және бір фондық станция сатып алған.




