Бүгін облыс орталығында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай 5 қыркүйек сағат 20.00-де басталып, 6 қыркүйек сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




