Әр аптаның сенбі күндері облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұрады.
Осы аптада сенбілік жәрмеңке өтпейтін болды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Республика күні мерекесіне орай 25-26 қазан аралығында «Гостиный двор» сауда кешенінде Өскемен қаласының отандық өндірушілердің «Made in Oskemen -2024» көрмесі ұйымдастырылады.Осыған байланысты 26 қазандағы «Алтай» көтерме сауда орталығының аумағындаөтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі келесі аптаға ауыстырылады.
Фото: @akimatoskemen