Облыс орталығында граффити фестивалі өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Белсенді жастар эскиздерді алдын ала әзірлеген. Фестиваль барысында сол сызбаларды қабырға көшірді.
— Мұндағы негізгі идея – жастарға есірткісіз өмірдің жарқын екендігін жеткізу. Өз басым граффитимен төрт жылдан бері айналысып келемін. Байқау туралы білгенде бірден қатысуға өтініш бердім. Менің суреттеріме, сурет астарындағы ойға жастар назар аударса деймін, – дейді ШҚТУ студенті Артем Сырыгин.
Фестивальді прокуратура қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты көше мәдениеті арқылы жастарға заң мен тәртіпті сақтау қағидатын жеткізу.
— Қазір жастардың айтары көп. Сондықтан осындай ерекше формат таңдалды. Шығармашылық алаң арқылы біз өмірдің маңызды аспектілерін қозғай аламыз, – дейді прокуратура өкілі Жансая Қадірова.
Бұл фестивальдің ауқымы кең екенін айта кету керек. Еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр.
— Фестиваль үшін 4 орын таңдалды. Байқауға 20-дан астам адам қатысты. Негізгі міндет – заң мен тәртіпті сақтау қағидатын ілгерілету, – деп түсіндірді Жастар ресурстық орталығының басшысы Айдос Әділбеков.
Байқау жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.




