Шығыс Қазақстан облысындағы «Samar tynysy», «Арайлы Катонқарағай», «НАРЫН таңы» газеттері мен F16.kz желілік басылымының меншік иесі болып табылатын «Шығыс Ақпарат» ЖШС Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін газет беттерінен орын, интернет-кеңістік және әлеуметтік желілердегі @shygys.info, @f16_kaz, f16news.kz аккаунттарын ұсынудың құны мен тәртібі туралы хабарлайды.

* Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі жазбаша өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 46, 129-кеңсе. Электрондық пошта: f16news@mail.ru. Байланыс телефоны: +7 (777) 217 3293.




