F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде ONAY жүйесі неге уақытында іске қосылмады?

admin_f16 admin_f16
02.04.2025, 16:37
Өскемен

Биылғы 1 сәуірден бастап Шығыстың бас қаласындағы бүкіл қоғамдық көлікте ONAY жүйесі іске қосылуға тиіс болған. Бірақ электронды төлем жүйесі әлі қолланысқа берілген жоқ. Мәселенің мән—жайын F16.kz тілшісі анықтауға тырысты.

Бұған дейін Өскемен қаласының әкімдігі осы жылдың 1 сәуірінен бастап барлық қоғамдық көлік жол ақысын төлеудің жаңа электронды жүйесіне көшірілетінін мәлім еткен. Бірақ межелі мерзім таяғанда ONAY қолданысқа енгізілмеді. Әзірге жолаушылар Oskemencard картасын пайдалана тұрады.

«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС хабарлағандай, жаңа жүйенің дер кезінде іске қосылмауына тиісті санаттағы адамдардың әлеуметтік және жеңілдігі бар карталарды толық алып үлгермеуі себеп болған көрінеді. Жалпы, жүйе пайдалануға дайын, қоғамдық көліктер де жабдықтармен толық қамтамасыз етілді, барлық бағдарламалар әзірленген.

Қазір жеңілдігі бар және бірыңғай көлік карталары беріліп жатыр. Жеңілдікті карталарын алуға өтініш бермеген тұрғындар әлі де бар. Бұған дейін істеп тұрған жүйені тоқтатып жаңасын қосу бұл санаттағы азаматтарға белгілі бір қолайсыздық туғызуы мүмкін. Олардың қатарында негізінен зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және көпбалалы аналар бар.

Бүгінгі таңда 35 мың азамат өтініш білдірді. Олардың дені – мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Біздің міндет — халықтың өтініштерін қабылдау және өңдеу, карталар беру. Біз қажеттілікті зерттедік, барлық санаттар бойынша деректер жинадық, оларды қаперде ұстаймыз. Әрине, кейбір адамдар картаны жүйе іске қосылғаннан кейін алғысы келеді, біреулер ертерек алып жатыр. Бұл табиғи құбылыс, ондай тәжірибе басқа қалаларда да болған. Сондықтан әлеуметтік және жеңілдікті карталарды бастапқы беру екі айға тегін жасалды, – деді “Алматы қаласының көлік холдингі” ЖШС бас директоры Даурен Сәбитов.

Жүйені іске қосу кезеңінде жеңілдік санатындағыларға бастапқы карта беру ONAY есебінен жүргізіледі. Бұдан кейін белгіленген тариф бойынша жүзеге асырылады. Компанияның хабарлауынша, ONAY жүйесін іске қосу 7 сәуірге жоспарланып отыр.

ТҰРҒЫНДАР НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Жеңілдік санатына жататындар өтініш беріп, карта ресімдеуі қажет; өзі тұратын аудандағы орталықтардың бірін таңдайді;

оқушылар мен колледж студенттеріне оқу орны бойынша карталар беріледі (өз оқу орнындағы жауапты тұлғаға хабарласу қажет);

70 жастан асқан зейнеткерлер жеке куәлігін, 3х4 фотосуретін (электронды түрде алуға болады) және зейнетақы куәлігін әкеледі, сондай-ақ Өскеменде тұрғылықты тіркеуде болуы қажет;

жеңілдік қарастырылған басқа адамдар жеке басын куәландыратын құжатын, 3х4 фотосуретін (электронды түрде алуға болады), жеңілдік алу құқығын растайтын құжатты көрсетуі және Өскеменде тұрғылықты тіркеуде болуы қажет.

Ескерте кетейік, жеңілдігі бар немесе мектеп картаны жоғалтып алған жағдайда оны қайта қалпына келтіру бастапқы кездегідей тегін емес, ақылы болады. Қызмет құны – 800 теңге.

КАРТАНЫ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?

ONAI карталары өтініш қабылданған жерде аптасына екі рет беріледі.

Жеңілдігі бар азаматтардың өтінішін қабылдайтын төрт орталық жұмыс істейді. Олар:

• ONAY халыққа қызмет көрсету орталығы – Шәкәрім даңғылы, 171.
•
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – Шәкәрім даңғылы, 149/10.

• Жастар ресурстық орталығы – Жібек жолы көшесі, 3.

• Жолаушылар тасымалын басқару орталығы – Қазақстан көшесі, 154.

Аталған мекемелердің жұмыс кестесі: 08:00-17:00.

Сондай-ақ жеңілдігі бар картаны 70 жастан асқан тұрғындар (зейнеткерлер) келесі аумақтық басқару орталықтарынан ала алады:

1. Сәтпаев даңғылы 36;

2. Пахомов көшесі 8 (үйдің артқы жағындағы кіреберіс);

3. Чехов көшесі 68;

4. Буров көшесі 24;

5. Бағдат Шаяхметов көшесі 4;

6. Атлант көшесі 38;

7. Добролюбов көшесі 25;

8. Гагарин бульвары 20;

9. Мұхамеджан Тынышпаев көшесі 123;

10. Бажов көшесі 546;

11. Максим Горький көшесі, 11а.

Орталықтардың жұмыс кестесі 8.00-ден 17.00-ге дейін.

БАСҚА ҚАЛАЛАРДА ДА ЖАРАМДЫ

Сонымен қатар жолаушылар ONAI картасын App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алып, мобильді қосымша түрінде пайдалана алады. Виртуалды картаны шығару тегін. Ондай кезде пластик картаны сатып алудың қажеті жоқ, виртуалды картаны ONAY мобильді қосымшасымен толтыруға болады. Виртуалды картамен Өскеменнің ғана емес, сондай-ақ ONAY жүйесі жұмыс істейтін Алматы, Талдықоорған, Теміртау, Қарағанды, Сарань сияқты қалалардың қоғамдық көліктерінде де жүруге болады.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 11:58
«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54
40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44
Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

16.06.2025, 10:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 11:58

Қазақстандықтардың жеке деректері таралып кеткені рас па?

17.06.2025, 11:02

Былтыр елімізге Қытайдан 650 мыңнан астам турист келіп қайтқан

17.06.2025, 10:31

Самар: Сарыбелге баратын жол жөнделіп жатыр

17.06.2025, 10:03

ШҚО-да суару каналдарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

17.06.2025, 09:51

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

17.06.2025, 09:04

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54

Экс-министрдің ұсталғаны туралы қауесетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

16.06.2025, 17:22

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

16.06.2025, 17:21

Құтқарушылар туристерге арналған жаңа цифрлық жүйені таныстырды – ШҚО

16.06.2025, 17:05

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған