Бүгін сағат 17:31-де «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағында #1 ОРУ-1 байланыс трансформаторының 110 кВ ажыратқышындағы «В» фазасының шығару оқшаулағышы зақымдалды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Зақымданған кезде дыбыстық жарылыспен және түтінмен бірге қысқа тұйықталу болды.
Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында жабдықтардың жұмысы тез қалпына келтірілді. Өрт болған жоқ, зардап шеккендер жоқ.
Фото: Өскемен ЖЭО-ның ресми сайтынан