F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық ұлан ардагері 90 жасқа толды

admin_f16 admin_f16
02.10.2024, 15:00
Өскемен

Қазыналы қарттардың  мерекесі  Ұлттық  ұланның  «Шығыс»   өңірлік   қолбасшылығында да кеңінен аталып өтті.  

Өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімнің бірі  ардагер қауымды қонаққа шақырып,  салтанатты шара ұйымдастырса, ал келесі әскери бөлім көнекөздердің үйлерін аралап қайтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Ұлттық  ұланның  Өскемен  қаласындағы  5518  әскери бөлімі қамкөңіл қарттарды әсте естен шығар емес. Мереке аясында жасамыс жандар концерттік бағдарлама тамашалап, ұландықтар өнеріне  тәнті болды. Әскери бөлім клубында өткен тағылымды кешке «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Ол мереке иелеріне мадақтама қағаздарын ұсынып, алдыңғы толқынға айтар алғысы шексіз екендігін жеткізді.

 — Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл – кеңестеріңіздің орны әрқашанда біз үшін маңызды.  Себебі,  ел тыныштығын күзетуде елеулі үлес қостыңыздар.  Талай сарбаздарды  тәрбиелеп, бойларына патриоттық сезімді ұялата білдіңіздер. Біз, сіздердің  тағылымға толы ақыл-кеңестеріңізге әрқашан арқа сүйейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға баянды бақыт тілеймін, —  дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Ұйымдастырушылар  кеш  қонақтарының бірі күні кеше  90 жасқа толған ардагер Иван  Гагаринге ерекше ықылас танытты. Құқықтық тәртіп әскеріне саналы ғұмырының отыз жылын арнаған зейнеткерді қолпаштап,  сахна төріне шығарды. Отставкадағы подполковниктің өмірімен таныс болған сарбаздар  ардагерге көкейкесті сауалдарын жолдады.

 — Бүгінгі шараның  сарбаздар  үшін берері мол. Мерейлі кештің әрбір мейманы  Отан үшін жүрегін жұлып беретін жауынгер болғандығы олардан рухты сөздерінен аңғару қиын емес. Біз үшін бүгін  ардагерлердің ақ батасы жауған күн болды, — дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері  Елдар Шынкеев.

\"\" Өскемен қаласындағы  3477  әскери бөлімі болса 102 жасты еңсеруге шақ қалған Ұлы Отан соғысының ардагері  Анастасия Светочеваны құттықтады. «Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежелі кавалері  қанмайданда  байланысшы болған. Бір ғасырдан астам уақыт жасаған кейуананың қимылы ширақ, әлі де тың. Өздігімен тамақ пісіріп,  бау бақшасына  қарайды екен. Әскери  бөлім командирі  егде жанға әкелген сыйлықтарын  табыс етіп, мол бақыт тіледі.  Үй ауласында әскери өнерпаздар өнер көрсетіп, ардагерге ерекше сезім сыйлады.

\"\" 

—  Біз Ұлы Отан соғысының ардагерінің үйіне  алғаш рет келіп тұрған жоқпыз. Мұның алдында да хал-жағдайын сұрап, әрдайым  кейуанамен байланысымыз үзілмеді. Ардагерге қажетті көмек көрсетуге   әскери қызметшілер әрдайым құлшыныс білдіреді, — деді 3477 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Аңсар Шакенов.

\"\" «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 1047 әскери ардагер бар. Ұландықтар қарттарға материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, олардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, өнегелі өсиеттерін  тыңдап қайтады.

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10
«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

«Жүк көліктері жолды бүлдірді»: Ново-явленка тұрғандары әкімге шағымданды

15.10.2026, 16:00
«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

«Таза Өскеменнің» экс-басшысы 7 жылға сотталды

15.10.2026, 10:47
Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

Өскемендегі конденсатор зауытының қоймасы өртенді

15.10.2026, 09:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған