F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл еліміздің аграрилері 25 мың ауылшаруашылық техникасын сатып алды

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
21.11.2025, 16:38
Агросектор, Экономика
Агросектор: биыл еліміздің шаруалары 25 мың техника сатып алды

Фото: gov.kz

Қазақстан аграрлық сектордың тиімділігін арттыру жолында машина-трактор паркін жаңғырту жұмыстарын қарқынды қолға алуда, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саланың әлеуетін арттыру мақсатында техниканы жаңарту және өндіріс процесіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кезең-кезеңімен кеңейтіп келеді.

Бұл бағытта негізгі құралдың бірі – инвестициялық субсидиялау. Онда басымдыққа байланысты 15%-дан 30%-ға дейін сатып алынған техника құнының бір бөлігін өтеу көзделеді. Қосымша мемлекет кредит пен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені басым техникалар бойынша 6%-ға дейін, басқа түрлері бойынша 15%-ға дейін субсидиялайды.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%, лизинг мерзімі 7 жылға межеленген жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жалғасуда. Бұл бағытта 2025 жылға 250 миллиард теңге бөлінген.

Аталған шаралардың нәтижесінде машина-трактор паркін жаңарту қарқынды өсіп, көрсеткіш 6,5%-ға жетті.

Былтыр «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 228,5 миллиард теңгеге 10,5 мың дана техника сатып алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37%-ға артық. Әсіресе өздігінен жүретін техникаларға сұраныс артып, 4 729 дана (+66% 2023 жылмен салыстырғанда) трактор, 924 дана (+80%) комбайн алынған.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 255 миллиард теңгеге 10 100 дана техника лизингке берілді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға жоғары.

– Жалпы, 2025 жылы қазақстандық шаруашылықтар 25 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл сұраныстың тұрақты өсімін және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсетеді. Мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары отандық ауыл шаруашылығы машина жасау саласына мультипликативтік әсер беріп отыр. Республикада өздігінен жүретін техника өндіретін 10 зауыт бар. Трактор, комбайн, бүріккіш және басқа да техника түрлерінің өндірісі жолға қойылған, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан сонымен қатар әлемдегі жетекші брендтер – John Deere және CLAAS техникасын құрастыру алаңына айналды. Нәтижесінде отандық өндірушілер тракторлар мен комбайндар бойынша ішкі нарықтың 90% қажеттілігін қамтамасыз етіп, саланың технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып отыр.

Тегтер: «ҚазАгроҚаржы»агроөнеркәсіпАуыл шаруашылығы министрлігіжаңа техникаРеспублика
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жоба: Манат ауылының тұрғындары таңқурай көшеттерін отырғызды

Жаңа жоба: Манат ауылының тұрғындары таңқурай көшеттерін отырғызды

13.05.2026, 10:04
ШҚО-да 113 мың гектар аумаққа егін егілді

ШҚО-да 113 мың гектар аумаққа егін егілді

12.05.2026, 11:56
ШҚО-да орташа жалақы 10 пайызға өсіп, 29 мың жұмыс орны құрылған

ШҚО-да орташа жалақы 10 пайызға өсіп, 29 мың жұмыс орны құрылған

29.04.2026, 14:13
Шығыс Қазақстанда 101 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Шығыс Қазақстанда 101 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

29.04.2026, 12:46

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған