Бұзақылықпен күресті күшейту мақсатында елде арнайы қабылдау орындарының саны артады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы жылдары елімізде отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы түбегейлі қайта қаралуда. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов те айтты.
– Енді бұл жұмыс анықтау сипатына ие болды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыс ретінде қарастырылатын болды. Нәтижесінде тұрмыста жасалатын көптеген құқық бұзушылықтарға жол берілмеді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін арнайы бөлімшелер құрылды. Бұзақыларды оқшаулауға арналған арнайы қабылдау орындарының санын көбейту секілді өзге де шаралар қабылдануда, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.




