Әйеліне қол көтерген өңір тұрғынына 40 сағаттық қоғамдық жұмыс атқару жазасы тағайындалды, деп хабарлайды F16.kz.
38 жастағы өскемендік тұрғын сот тағайындаған жазаны орындаудан бас тартқан.
Ер адам 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, қала көшелерін тазартуы керек болған. Ол күніне шамамен 4 сағат жұмыс істейді. Бұл жаза түрі арқылы адам өз қатесін түсініп қана қоймай, қоғамға пайдасын тигізеді. Алайда , ер адам таныстарынан ұялып, қоғамдық жұмыстан бас тартты, — дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.
Департамент өкілінің айтуынша, мұндай жағдайда оған тағайындалған жаза күшейтілуі мүмкін.
Егер адам қоғамдық жұмыстан бас тартса, біз істі дереу сотқа жолдап, жазаны қатаңдату туралы мәселе көтереміз. Ондай жағдайда бас бостандығынан айырылуы да мүмкін, — дейді ол.




