Өскемендік тұрғын медициналық университетке оқуға түсемін деп алаяққа алданды. Оған қажетті құжаттарды рәсімдеп, жоғары оқу орнына қабылдануына көмектесуге уәде берген, деп хабарлайды F16.kz.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті жәбірленушіге өзін жалған есіммен таныстырып, оқуға түсуге көмектесе алатынына сендірген. Оның сөзіне сенген жас жігіт қажетті құжаттары мен 3 миллион теңге көлемінде ақша берген.
Бірақ уәде етілген көмек көрсетілмеген. Құжаттар университетке тапсырылмаған, оқуға қабылдау жүзеге аспаған. Ал күдікті алған ақшасын жәбірленушіге қайтармаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқуға түсуге, жұмысқа орналасуға немесе өзге де мәселелерді ақшалай сыйақымен шешу алаяқтық схемасының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертеді.




