F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»

admin_f16 admin_f16
24.03.2025, 22:30
Айдарлар

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел штаб құрамына кіретін бейінді ведомстволар қызметкерлерімен су тасқыны қаупі бар жерлерге мониторинг жүргізді.

— Ауа-райының, күндізгі және түнгі температураның күрт өзгеруіне байланысты жағдайды бақылауда ұстау қажет. Әсіресе, өзендер маңайы сағат сайын қадағалауды қажет етеді. Бізге нақты болжамдар мен толық дайындық қажет, — деп атап өтті өңір басшысы.

Марқакөлде Қалжыр өзенінің арнасын тазарту және түзету, су өткізгіш құбырларды орнату бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп, Қалжыр және Марқакөл ауылдарына төнген қауіп азайды. 72 су өткізу құрылымдары, 6 көпір, сондай-ақ арықтар мен каналдар тазартылды. Қара Ертіс, Қалжыр өзендерінде мұз кептелістерін болдырмау үшін бүгінгі мониторинг аясында үш арнайы орында профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілетіні анықталды.

\"\" Орта Теректі, Лайлы және Төменгі Тайынты бөгеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аймақтың барлық дерлік гидроқұрылымдары әлі мұз астында. Сондықтан бұл нысандардың жағдайы сағат сайын бақылауды талап етеді.

Тарбағатайдың 6 елді мекенінде су тасқыны қаупі толығымен жойылды. Жаңауыл, Сарыөлең, Қарасу, Жетіарал, Маңырақта еріген су тасқыны қаупі төмендеді. Терісайрық өзені жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. 182 су өткізу құрылымы, 9 көпір және 33 км су каналдары толығымен қар мен мұздан тазартылды.

Күршім ауданының 4 ауылында су тасқыны қауіпі толық жойылды. Күршім-Топтерек автожолындағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.  441 су құрылымы топан суды өткізуге дайын, 19 көпір, сондай-ақ айналма арықтар мен каналдар тазартылды. Өзендердегі мұзды қопару үшін профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілетін 2 учаске анықталды.

— Облыстың барлық аудандарында көктемгі төтенше жағдайларды жоюға арналған күштер мен құралдар тобы бар. Аудан әкімдеріне үйлестірілген жұмыс жүргізуді тапсырдым. Су деңгейі және гидротехникалық құрылымдардың жай-күйі бақылауға алынады. Көлік қатынасын сақтау үшін әсіресе таулы жерлердегі жолдарға және көпірлерге ерекше назар аудару қажет. Басты міндет — адамдар мен инфрақұрылымды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Фото және ақпарат: ШҚО ішкі саясат басқармасы

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09
Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

02.07.2026, 19:40
Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

02.07.2026, 19:07
Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

02.07.2026, 18:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған