АЙДАРЛАР / Басты
Шығыста балаларға арналған тағы бір жазғы лагерь ашылады
Облыстық білім басқармасы қала сыртындағы балалар лагерлерінің желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізілмек. Жаңа нысандар ашылып, қолданыстағы нысандар кеңейтіледі.
Сондай-ақ жекменшікке өтіп кеткен ғимараттар да қайтарылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Басқарма басышсы Иннеса Чернышеваның айтуынша, Риддер маңында 100 орындық жазғы лагерь салынады.
– Қала және аудан әкімдіктерімен қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту мәселесі де талқыланып жатыр. Мәселен Алтай ауданында жекеменшікке өтіп кеткен ғимараттарды қайтару, оған қоса қолданыстағы ғимараттарды кеңейту жоспарланып отыр, — деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев жаңа лагерьлердің ең алдымен санитарлық жағдайына назар аудару қажет екенін атап өтті.
– Қиын жағдайға тап болған балалардың жазғы лагерьлерге баруын қадағалаңыз. Өзге аймақтардағы балаларға демалыс ұйымдастыру мүмкіндігін де қарастыру керек, – деп тапсырма берді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысының айтуынша, мекемелердің көлікпен қамтылуына, тасымалдау қауіпсіздігі және жүргізушілердің жалақы мәселесіне мұқият қарау керек. ды тапсырылды.
Қатысты сілтемелер: