admin
Жарияланды: 10:00, 06 ноябрь 2024
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?

Қарашадағы қауіп қандай?

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғындарға қараша айының негізгі қауіптері туралы айтып берді.

Күз мезгілінде адамдар үшін қауіп күшейеді. Атап айтқанда, тұрғын үйлердегі өрт қаупі, иіс тиіп улану, су айдандарындағы қауіп-қатер, тас жолдардағы ахуа және т.б., деп хабарлайды F16.kz сайты.

Күздің соңғы айында ауа райының салқын болуына байланысты пештер мен электр құрылғыларын белсенді және жиі дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт қаупі жиілейді. Дұрыс орнатылмаған пештері бар үйлерде иіс тиі улануы мүмкін. 

  -  Сымдарды қыста тексеріңіз, оған жүктеме артады. Үйдегі пеш жақсы жағдайда, ақталған, еденде пештің алдында арнайы парақ болуы керек. Пештің жанында жанғыш сұйықтықтар мен заттарды сақтауға қатаң тыйым салынады, - деп ескертеді ТЖД мамандары.

Қарашаның екінші жартысында өзендерде судың бетіне мұз қата бастайды.  Осыған байланысты су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайғылы жағдайлар болуы мүмкін. 

Құтқарушылар, әсіресе, жағалауға алкогольді ішімдік ішіп бару, сондай-ақ балықшылардың жүзуді білмеуі, ауа райы бұзылып дауыл болғанда балықшының қайықта жалғыз қалып қоюы немесе қараңғыда балық аулау сияқты факторлар қайғылы жағдайға душар ететінін айтып отыр. Су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін осы факторларды болдырмау қажет. 

 -  Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қалыңдығы 10 см-ден төмен мұзға шығуға тыйым салынады. Ал қалыңдығы 25 сантиметрден аспайтын мұзға шыққан кезде, өзімен бірге ысқырық, құтқару кеудешесін, мұзға арналған щильца, диаметрі кемінде 11 мм, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, сондай-ақ ұзындығы 2 метрлік таяқ алып жүру керек, - дейді мамандар.

Қарашада ауа райы әдетте күрт өзгереді: тұман түсіп, кенеттен жауын-шашын болуы мүмкін, жолдарда көктайғақ пайда болады. Яғни, жолдардағы жазатайым оқиғаларға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан тұрғындар төтенше жағдай қызметінің ауа райына қатысты ескертулерін елеусіз қалдырмағаны жөн. Мүмкіндігінше ұзақ сапарларды тоқтатып, елді мекендерден шықпауы керек. Ал егер жолға шығу аса қажет болса, көлікті қысқы кезеңге алдын ала дайындаңыз: қысқы дөңгелек болсын, көлік күрекпен, жылы киіммен, жанар-жағармаймен және сүйрегіш арқанмен жабдықталуға тиіс. Сонымен қатар Darmen мобильді қосымшасы арқылы ауа райы мен жолдардағы ахуал туралы алдын ала біліп алыңыз.

Елді мекендерде автокөлік жүргізушілері жылдамдықты және қашықтықты сақтауға тиіс, ал жаяу жүргіншілер жарақат алу ықтималдығын азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.

Фото: ШҚО ТЖД

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)