Өскеменде Тарбағатайдың мәдени күндері өтеді
Өскеменде өнерімен және спортымен әйгілі, ұлттық мәдениеттін киелі мекені - Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді.
Мәдени күндер «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.
8 қараша күні сағат 15:00-де Протозанов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының» «Food cord» залында ардагерлер арасындағы «Қазақша Quiz» интеллектуалды ойыны өтіп, алдыңғы буын өкілдері өздерінің салт-дәстүр және туған өлкенің тарихы туралы білімдерін паш етеді.
Ал сағат 17:00-де тарихи-мұра экспонаттары, ауданның қолөнер және бейнелеу өнерінің туындыларының көрмесін көре аласыздар.
Осы күні сағат 18:00 «Шығыс Қазақстан облыстық филаомониясының» концерт залында Тарбағатай ауданының шығармашылық ұжымдарының салтанатты концерті өтеді.
9 қарашада сағат 08:00-ден бастап Жібек жолы, 6 мекенжайында орналасқан «Шығыс Алтай» сауда орталығының алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Сонымен қатар «Тау көтерген Толағай», «Көл тауысар», «Құралайды көзге атқан» және басқа спорттық ойындар өтеді.
Сағат 10:00-де Арбатта «Ақжар эстрадалық ансамблі» ВИА көше форматындағы концертті тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ сағат 10:00 бастап ауданның атақты суретшілері Төлеген Тоқтаров көшесі, 56 мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында шеберлік сыныптарын өткізеді.
Фото: inbusiness.kz