Өскемен / Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Қылмыс
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді

ШҚО-да Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Білім ордасының есепшілері алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өзінің карточкалық шоттарына жалақыны және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. 2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілген.
Фото: kapital.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті
Тағыда оқи отырыңыз: