admin
Жарияланды: 20:08, 06 май 2024
АЙДАРЛАР / Басты

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жағдай туралы айтты

Ведомство өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Атырау облысының Құлсарыда су басқан 20 үйден мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станциялары арқылы тәулік бойы су сору жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 20982 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл мен Қызылжар ауданында 24 сағат ішінде 184 үйден су бұрылып, сорылды.


"Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Күйліс ауылында Торғай өзеніндегі су деңгейінің біртіндеп артуына байланысты ұзындығы 2,5 шақырым бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 30 мыңнан астам қапшық пен 19 мың инертті материал төселді. Су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізіледі. Жағдай ерекше бақылауда", - деді Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде.


Республика бойынша барлығы 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумақтарынан су бұрылып, сорылды. 49 945 адам үйлеріне оралды.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)