25 тамыз күні Өскеменде Конституция күні мен қала күніне орай велотур өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Велошеруге қатысушылар сағат 08:00-де Әл-Фараби даңғылынан шығып, қаланың басты көшелерімен жүріп өтеді.
Белсенді демалысты ұнататын кез келген қала тұрғыны мерекелік велошеруге қатыса алады.




