«Казцинктегі» жарылыстан 1980 жылы туған тағы бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскеменнің іргелі кәсіпорындарының бірі – «Казцинк» ЖШС-да жарылыс болған. Соның салдарынан өрт шығып, нысанның қабырғасы опырылған. Екі жұмысшы қаза тауып, бес адам жарақат алғанын жазғанбыз.
Сол жарылыста денесінің 90%-ын күйік шалған тағы бір жұмысшы бүгін түнде ауруханада көз жұмды.
Өскемен металлургиялық алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіледі, — деп хабарлады кәсіпорын.
Қазір оқиға орнындағы салдарды жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасуда.




