Оқиға 23 шілде күні Өскемендені Шәкәрім даңғылында болған, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жаяу жүргіншіні Nissan Serena көлігі трамвай аялдамасының маңында қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 48 жастағы әйел адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Бейресми ақпарат бойынша, әйел адам трамвайдан түсіп, жолға шыққан сәтте көлік қағып кеткен болуы мүмкін.




