F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендік гвардияшы пауэрлифтингтен зор жетістіктерге жетіп жүр

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
25.07.2025, 17:10
Өскемен, Спорт
Өскемендік гвардияшы пауэрлифтингтен зор жетістіктерге жетіп жүр

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

2019 жылдан бері ҚР Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінде (Өскемен қаласы) әскери қызмет атқарып келе жатқан кіші сержант Валентин Чехов өзін тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әрі физикалық тұрғыдан даярлығы мықты әскери қызметші ретінде таныта білді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Валентин қызметтен тыс уақытын спортқа арнайды. Соңғы төрт жыл бойы пауэрлифтингпен белсенді түрде айналысып жүр. 2024 жылдан бастап ол кәсіби деңгейдегі жарыстарға қатысып, «NPA Kazakhstan» федерациясының құрамында өнер көрсете бастады. Алдағы уақытта өз спорттық шеберлігін басқа да бірлестіктер аясында дамытуды жоспарлап отыр.

Валентиннің спорттық мансабындағы алғашқы үлкен қадамы – 2024 жылғы ақпанда Алматы қаласында өткен «Алатау батырлары» атты Қазақстан кубогы болды. Бұл – оның бірінші ресми жарысы еді және ол дода Валентиннің жеңісімен аяқталды.

Сол жылдың маусым айында ол Қонаев қаласында өткен «Шалғай жағалаулардағы «Темір бауырлар» турниріне қатысты. Мұнда жерлесіміз екі бірдей санатта өнер көрсетті: қатаң және классикалық штанга көтеру. Екеуінде де бірінші орын иеленіп, спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Келесі маңызды белес – 2024 жылғы желтоқсан айында Алматыда өткен «Strong Generation 4» қысқы турнирлер сериясы. Бұл жолы да Валентин мықтылығын дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, қатаң көтеру санатында үшінші орынға, ал классикалық көтеруде екінші орынға қол жеткізді.

Тағы бір жарқын жеңіске Валентин биылғы 27-29 маусым аралығында өткен «Шалғай жағалаулардағы Темір бауырлар 4» турнирінде жетті. Қатаң штанга көтеру санатында бірінші орынды иеленіп, спорт шебері атағын жеңіп алған өскемендік сарбаз классикалық көтеруде де дәл осындай нәтиже көрсетті. Сонымен қатар экипировкасыз тұра тарту (становая тяга) санатында алғаш рет күш сынап, 140 келі нәтижесімен бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл – кіші сержант Валентин Чеховтың жолы, қара күшке, табандылық пен ұмтылысқа толы жол. Ол әскери қызмет пен кәсіби спортты ұштастыруға болатынын, бұл екі ұғым бір-бірін толықтырып, адамды шыңдай түсетінін дәлелдеді. Алда Валентинді жаңа мақсаттар, жаңа жарыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұр.

Тегтер: ӨскеменпауэрлифтингСпортҰлттық ұлан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

Паделден ерлер арасында қола жүлдегерлер анықталды

02.07.2026, 19:40
Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

02.07.2026, 19:07
Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

Шығысқазақстандық оқушылар Азия чемпионатына жолдама алды

02.07.2026, 18:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған