Астанада өтіп жатқан сотта MMG Development басшысы Мөлдір Сүйіншәлі Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша куәлік берді, деп хабарлайды F16.kz.
Куәгкер 2021 жылы қайырымдылық кешінде Геннадий Головкиннің қолғабын 10 млн теңгеге сатып алғанын айтты. Қаражат «BizBirgemiz Kazakhstan» қорына аударылған, бірақ уәде етілген оңалту орталығы салынбаған.
Бастапқыда сендім, бірақ кейін қаражат діттеген жеріне жетпегеніне күмән туды, – деді Сүйіншәлі. Сол себепті ол 10 млн теңгені қайтару туралы азаматтық талап арыз берген.
Бұдан бөлек Сүйіншәлі Перизат Қайратқа 14 млн теңге қарызға бергенін, ол да қайтарылмай, кейін сот арқылы өндіріп алынғанын айтты.




