ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында атыс қаруын заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды F16.kz.
44 жастағы қала тұрғыны 2021 жылы 5,6 мм калибрлі иір ойықты атыс мылтығын жасап, оны өз үйінде заңсыз сақтаған.
Қарудан бөлек 5,6 мм калибрлі 500-ден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, полиция департаментінде жыл сайын заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру бойынша акция өткізіледі. Мұндай заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.




