F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бұқтырма өзені қауіп төндіріп тұр — ШҚО

admin_f16 admin_f16
28.01.2025, 12:42
Басты, Журналист жол үстінде
Бұқтырма өзені қауіп төндіріп тұр - ШҚО

Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылының іргесінен ағатын Бұқтырма өзені бір көшенің тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. 

Жергілікті жұрт, өзен арнасының бұрылуына жағалаудан көп мөлшерде қиыршық тас пен құм қазып әкетуі себеп болғанын айтады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Арыны қатты асау өзен жағалауды «жеп», елдің бақшасына таяп қалды. Ауылдағы ағайын «енді бірер жылда Бұқтырма тұтас бір көшені ағызып әкетеді» деп дабыл қағып отыр.

— Бұқтырма осы жерден екі жүз метр ары болатын. Содан  Катонқарағайға аурухана саламыз деп, осы Бұқтырманың жағалауынан гравий тасыды. Катондағы үш этажды аурухана тұтас осы жердегі гравиймен салынған. Содан су бері ауып кетті. Бері қарай, міне, жарға соғып жатыр. Міне, осы күздігүні бері кетіп қалды, енді көктемде мынау енді мына қораға баратын болу керек.  Өтірік айтпасам, он жыл болды. Осы жардың астына бір километр екі жүз метр жерге дамба қоямыз деп өкімет ақша бөлді. Тендер ойнап, міне, кірісеміз деп жатқан . Содан жоқ, ақша да жоқ, желге ұшып кетті. Енді судың да сұрауы бар ғой. Сол кезде ақшаның қайда кеткеніне ешкім жауап бермейді, — дейді ауыл тұрғыны Болатхан Нұрсапаров. 

\"\" Ауылдың тағы бір тұрғыны Ермек Сатышевтың айтуынша, дамбыны үш рет салған. Дегенмен, одан нәтиже жоқ. 

— Үш рет салған дамбыдан түк жоқ, әне. Дамбы салудың аты – ақша жуу. Ертеңгі күні ол жерде мал құлайды. Малды қойып, адам құлайды. Анандай жартас еш жерде жоқ. Қанша рет айттық. Шіркін-ай, егер мына жерде Бердібек Сапарбаев  аман-есен жүрсе, баяғыда осыны бір жағына шығаратын еді. Сапарбаев арқылы басталған болатын, қалды сол қалпы. Одан кейінгілер келді,  ақша жуып кетті, — дейді шыңғыстайлық тұрғын.

 

Ал Катонқарағай ауданының әкімдігі бұл мәселенің аудан әкімінің тікелей бақылауында тұрғанын айтады.

— Бұл мәселе бойынша да қазіргі уақытта тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Көктемгі дайындық шаралары шеңберінде қажетті ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Мәселе ауданның өзекті проблемаларының тізіміне енгізіліп, оны шешуге бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар аясында барлық жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлады әкімдік. 

Айтуларынша, аудан әкімі Данияр Дүйсембаев төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нияз Арманов және «КажСервис» ЖШС-ның 27-жол пайдалану уческесінің басшысы Данияр Қабдуалиевпен кездесу өткізген екен. Кездесуде көктемгі су тасқынына дайындық, аудан аумағындағы көпірлер мен су өткізгіш құбырларды қар мен мұздан тазарту мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар беріліпті.  Аудан басшысы табиғи апаттардың алдын алу шараларының маңыздылығын айта отырып, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін ескерткен.

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нияз Армановқа аудандағы су тасқыны болу қаупі жоғары аймақтарды анықтап, алдын алу шараларын уақтылы орындау және жеке құрамның, техникалардың дайындығын үнемі бақылауда ұстау тапсырылды.
Ал 27-жол учаскесінің басшысы Данияр Қабдуалиевке жолдың уақтылы, сапалы тазалануын әрі еріген қар суының жолға жайылып кетпеуін қадағалау сияқты нақты тапсырмалар берілген.  

Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев бұл мәселемен арнайы барып танысып қайтқанын мәлім етті.

— Мен аудан әкімі болып 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалдым. Сол айдан бастап ауданның 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайндығы жұмыстарымен танысқан кезде дәл осы мәселені өзім көріп қайтқанмын. Ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар берілді. Жоспарда бар. Көктемге дейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Бұл мәселелер ТЖ басшысымен де талқыланды, — деді әкім.

\"\"

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен – Рахман қайнары тас жолы кей көлік түрлері үшін жабылады

ШҚО-да жолдар жабылды

17.04.2026, 09:30
Мемлекеттік қызметшілер сынға түсіп жатыр — ШҚО

Мемлекеттік қызметшілер сынға түсіп жатыр — ШҚО

14.04.2026, 18:58
Сақалды құрылыс: Үлкен Нарын ауданыдағы бассейн қолданысқа қашан беріледі?

Сақалды құрылыс: Үлкен Нарын ауданындағы бассейн қолданысқа қашан беріледі?

09.04.2026, 10:11
Зайсанның сегіз ауылына газ тартылуы мүмкін: министрлік қандай шешім шығарады?

Зайсанның сегіз ауылына газ тартылуы мүмкін: министрлік қандай шешім шығарады?

08.04.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған