ШҚО-да полицейлер жүргізушілерге жолда мұқият болуды еске салды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ерекше акция ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары таңғы уақытта жолға шыққан жүргізушілерге ыстық кофе ұсынып, жолда сақтық танытудың маңызы туралы ескертті.
Бұл игі бастама жүргізушілердің күнін көтеріңкі көңіл-күймен бастауға сеп болып қана қоймай, жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.
– Полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғау. Өйткені жолдағы жауапкершілік – әрқайсымызға ортақ міндет, – деп жазады дерек көзі.




