F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

F16 F16
13.11.2026, 19:30
Жаңалықтар

Зайсан ауданында халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір нысанның дайындық деңгейі – 98 пайыз, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс барысымен танысты. Аймақ басшысына нысанда атқарылған жұмыстар мен қалған міндеттер туралы баяндалды.

Қазір әуежайдың негізгі аэродромдық жұмыстары аяқталған. Ұзындығы 2 200 метр болатын ұшу-қону жолағы, перрон және ұшақ жолдары дайын. Аумаққа кіреберіс аймақ және әуежайдың айналасындағы жолдар да ретке келтірілді. Радионавигациялық және жарық-сигнал жабдықтарын орнату, инженерлік желілерді тарту жұмыстарының басым бөлігі орындалған.

Жаңа әуежайдың айлағына Bombardier Q400 және ATR-72 үлгісіндегі ұшақтарды қона алады. Перронға бір мезетте төрт әуе кемесі келіп түседі. Ал жолаушылар терминалы сағатына 150 адамға дейін қызмет көрсете алады. Қазір терминалдың, инженерлік және апаттық-құтқару нысандарының құрылысы аяқталуға жақын. Қалған жабдықтар орнатылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Әуежай іске қосылғаннан кейін Зайсаннан Өскемен, Алматы және Астана қалаларына әуе рейстерін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар Қытайдың Үрімші, Алтай және Қанас бағыттары да ықтимал әуе қатынасы бағыттарының қатарында. Бұл Зайсанның туристер үшін қолжетімділігін арттырып, шекарааралық байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді деп отыр мамандар.

— Ауданның туристік әлеуеті зор. Көрікті табиғаты, тарихи орындары шетелдік және отандық туристерді тартады. Сондықтан әуе қатынасын жолға қоюмен қатар туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру және «жасыл» туризм брендін қалыптастыру көзделген. Жергілікті тұрғындарды туристік кәсіпке тарту да маңызды бағыттардың бірі болмақ, — делінген ақпаратта.

Жаңа әуежайдың ашылуы жергілікті еңбек нарығына да оң әсер етеді. Нысан толық іске қосылғанда 126 штаттық жұмыс орны құрылады. Қызметкерлердің басым бөлігін қазіргі Зайсан әуежайында еңбек етіп жүрген мамандардан жасақтау жоспарланған. Оларды даярлау және тағылымдамадан өткізу мәселелері де пысықталды.

«Құрылысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл Зайсан ауданының туристік және экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба. Әуежайдың ашылуы шалғай ауданды ірі қалалармен және халықаралық бағыттармен байланыстырып, Зайсанның жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына негіз қалайды», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Тегтер: зайсан әуежайхалықаралық әуежайШығыс Қазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16
Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46
ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34
Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

13.11.2026, 15:30

NASA Space: Өскеменде алғаш рет ғарыш фестивалі өтеді

13.11.2026, 11:12

ШҚО-да сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

13.11.2026, 10:05

18-ден асқан «ерекше» балаларды қолдау орталығы жоқ: Өскемен тұрғындары мәселе көтерді

13.11.2026, 09:20

Алтайдың жәрмеңке-керуені Алатауға жол тартады

12.11.2026, 16:47

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған