Өскеменде алғаш рет «NASA Space» ғарыш фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ерекше іс-шара 14 қараша күні сағат 12:30-18:30 аралығында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылады.
Көшпенділердің астрономиялық танымы, адамзаттың ғарыштағы болашағы және ғарыш миссияларының тарихы фестивальдің басты тақырыбы болмақ. Ғарыш фестиваліне қатысушылар ғылыми-танымдық дәрістер тыңдап, интерактивті алаңдар арқылы аспан әлемінің құпия сырларына қанығады.
«Кітапхана аумағында тақырыптық алаңдар құрылып, танымдық дәрістер, шеберлік сағаттары, ойындар мен талқылаулар өтеді. Кеш қонақтар өз білімдері мен тапқырлықтарын сынап, ғарышты зерттеу саласымен жақынырақ танысып, танымдық демалыстың түрлі форматтарын байқап көре алады. Бағдарламаның бір бөлігі – құпия. Келушілер кітапхана ішінен өз «ғаламын» өздері ашуы тиіс», — дейді ұйымдастырушылар.
Спикерлер қатарында Алматыдан арнайы келген астрофотограф, ғылымды насихаттаушы Денис Парышев, әуесқой астроном әрі астрономия клубының жүргізушісі Мирослава Додонова және Қазақстан-Американдық еркін университетінің халықаралық бағдарламалар және әріптестік жөніндегі вице-президенті Дэниел Балласт бар.
Кіру тегін. Алты жастан асқан кез келген оқырман ғажайып кештің куәсі бола алады.




